Рейтинг
Ең үздік аймақ 2021 ж.
Күн
Сағат
Минут
Секунд
Әкімдер
Аймақтар
Тест
Жоба жаңалықтары
Ең үздік әкім
Ең үздік әкім
Дауыс беріңіз
Сіздің дауысыңыз қабылданды. Дауыс бергеніңізге рахмет!

Өмір сапасы бойынша аймақтардың рейтингі
Stan.kz өмір сапасы бойынша өңірлердің рейтингін құрады

Stan.kz Қазақстан өңірлерінде өмір сапасының бірегей рейтингін ұсынады. Ол халықтың әл — ауқатынан бастап климаттың жағдайы сияқты он көрсеткішті біріктіреді. Кімнің көшбасшы, кімнің аутсайдер болғанын біздің материалдан оқи аласыз.

Өмір сапасы;
Цифрландыру деңгейі;
Қауіпсіздік;
Экология;
Тұрғын үймен қамтамасыз етілу;
Дәрігерлермен қамтамасыз етілу;
Бөлшек сауда;
Кредиттік қарыздар;
Коронавирустан өлім деңгейі;
Балабақшалардың қолжетімділігі;
Сатып алу қабілетінің паритеті
Ақсақалов Құмар Іргебайұлы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
1965 жылы дүниеге келген.
Құмар Ақсақалов В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инженерлерi институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1987-1989 жылдары Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженерi болды.

1989-1991 жылдары Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетiнiң бiрiншi хатшысы.

1991-1992 жылдары Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженерi.

1992-1993 жылдары Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттiк шағын кәсiпорнының директоры.

1993-1996 жылдары Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi директорының орынбасары.

1996-1998 жылдары Қостанай облысы Меңдiқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президентi.

1998-2002 жылдары Қостанай облысы Меңдiқара ауданының әкiмi.

2002-2004 жылдары Қостанай облысы Таран ауданының әкiмi.

2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы.

2006-2010 жылдары Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары.

2010-2015 жылдары «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары.

2017 жылдың 14 наурызынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. 

Ахметов Даниал Кенжетайұлы
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген.
Даниал Ахметов Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы. Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі. 

1976-1981 жылдары «Павлодар тұрғынқұрылыс» тресінде мастер;

1981–1983 жылдары Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы;

1983–1987 жылдары «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы;

1987–1991 жылдары Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары;

1991-1992 жылдары «Екібастұз энерготұрғынөндірісқұрылыс» трестінің басқарушысы;

1992-1993 жылдары Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы;

1993-1997 жылдары Әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі;

1997-1999 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары;

2001-2003 жылдары Павлодар облысының әкімі;

2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi;

2010 жылдан бастап  Экологиялық энергетика саласындағы компаниялың басшысы;

2012-2014 жылдары – Энергетика және инфрақұрылым министрі;

2014 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.


Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы
Қызылорда облысының әкімі
1965 жылы дүниеге келген.
Гүлшара Әбдіқалықова Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты.

1987 жылы еңбек жолын Қызылорда облыстық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының бас инспекторы қызметінен бастаған.

1995-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жауапты қызметтер атқарған.

2003 - 2005 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2005 - 2006 жылдары "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы.

2006 - 2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2007 - 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы.

2008 - 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2009 - 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2012 - 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2013 - 2014 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары.

2014 - 2019 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

2019 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2008-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы болды.

2020 жылдың 28 наурызынан бастап Қызылорда обылысының әкімі. 



Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы
Шымкент қаласының әкімі
1981 жылы дүниеге келген.
Мұрат Әйтенов С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетін және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер, заңгер. 

2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекші ауысымының аға инженер-бастығы;

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы ПІБ "Астана - Өнім" АҚ шаруа меңгерушісі;

2008-2010 жылдары ҚР Президенті Іс Басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарды басқару бөлімінің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы;

2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі;

2013-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы;

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары;

2019-2020 жылдары Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары ;

2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарады. 




Баталов Амандық Ғаббасұлы
Алматы облысының әкімі
1952 жылы туған. 
Амандық Баталов Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын бітірген. Мамандығы – инженер-гидротехник.

1981-1985 жылдары "Алмаатаотделстрой" тресінің аға прорабы, бас инженері, СМУ-37 бастығы;

1985-1987 жылдары Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы, Құрылыс және өнеркәсіп құрылыс материалдары жұмысшылары кәсіподағының облыстық комитетінің хатшысы, Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитетінің Құрылыс және қала шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы;

1987-1989 жылдары Құрылыс және өнеркәсіп құрылыс материалдары жұмысшылары кәсіподағының облыстық комитетінің төрағасы;

1989-1991 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс Басқармасының құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсібі бөлімінің жетекші маманы, бас маманы;

1991-1992 жылдары Қазақ КСР Президенті Аппаратының құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсібі бөлімінің референті;

1992 жылы "Құрылыс индустриясы және технологиясы" концернінің Вице-президенті;

1992-1994 жылдары Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары;

1994-1995 жылдары Ленин аудандық әкімшілігінің басшысы;

1995-2001 жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі;

2001-2008 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары;

2008-2014 жылдары Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары;

2014 жылдың 20 тамызынан бастап Алматы облысының әкімі қызметін атқарады. 



Досмұхамбетов Махамбет Жолдасғалиұлы
Атырау облысының әкімі
1960 жылы дүниеге келген.
И. М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын Геология және мұнай және газ кен орындарын барлау, тау-кен инженері мамандығында білім алған. Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірді. Іскерлік әкімшілендіру магистрі. 

1983-1989 жылдары "Ембімұнай"бірлестігінің Балықшы барлау бұрғылау басқармасының аудандық инженерлік-технологиялық қызмет экспедициясының геологы, аға геологы, бас геологы.

1989-1991 жылдары  "Доссорнефть" МГӨБ геологиялық бөлімінің бастығы, "Ембімұнай"ӨБ.

1991 жылы "Макатнефть" МГӨБ бас геологы, "Ембімұнай" ӨБ»;

1991-1997 жылдары "Мұнай" бірлескен өндірісінің жетекші геологы, "АНАКО" АҚ Қырықмылтық кәсіпшілігінің бас геологы, директоры, "Ес-Бол"ЖШС директорының техникалық мәселелер жөніндегі орынбасары;
1997-2002 жылдары  "Ембімұнайгаз" АҚ геологиялық бөлімінің бастығы, "Қазақойл" ҰМК ЖАҚ геология департаменті директорының орынбасары, директоры;

2002-2006 жылдары "ҚазМұнайГаз "ҰК" ЖАҚ мұнай-газ кен орындарын игеру және Геология департаментінің директоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК ЖАҚ қолданыстағы келісімшарттар мониторингі департаменті директорының орынбасары, "ҚазМұнайГаз "ҰК" ЖАҚ үлестерді басқару департаменті директорының орынбасары, "ҚазМұнайГаз "Барлау Өндіру"АҚ Геология және әзірлеу департаментінің директоры."Қазгермұнай"БК ЖШС бас директорының орынбасары – бас геологы;

2009 жылы "Маңғыстаумұнайгаз"АҚ бас директорының геология және әзірлеу жөніндегі орынбасары болып тағайындалды;

2012 жылдан бастап – "Маңғыстаумұнайгаз"АҚ бас директорының бірінші орынбасары (Басқарма мүшесі);

2013 жылы "Ембімұнайгаз"АҚ бас директоры (басқарма төрағасы);

2015 жылы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының ірі жобалар бойынша орынбасары, "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Басқарма мүшесі", Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі;

2019 жылғы 18 желтоқсанынан бастап Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.



Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы
Батыс Қазақстан облысының әкімі
1970 жылы дүниеге келген.
Ғали Нәжімеденұлы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.

1993 жылы Приурал агропромкомбинаты ғылыми-өндірістік кәсіпорнының аға сарапшысы;

1994-1998 жылдары "Тұран-Әлем" Банкінің Батыс Қазақстан басқармасында аға экономист, бөлім бастығы;

1998-2003 жылдары "Темірбанк" ААҚ Орал филиалының директоры;

2003-2004 жылдары Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бастығы;

2004-2006 жылдары "Градиент" Батыс Қазақстан өңірлік инвестициялық орталығының басшысы;

2006-2008 жылдары "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарушы директоры;

2008-2009 жылдары "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Вице-президенті;

2009-2011 жылдары "Қазақстанның Даму Банкі "АҚ Басқарма төрағасы;

2012-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;

2014-2016 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары;

2017-2018 жылдары "Астана қаласын дамыту жобаларын сараптау орталығы" ЖШС директоры;

2018-2019 жылдары Астана қаласының қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы;

2019 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2019 жылдың маусымынан бастап Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 
Көлгінов Алтай Сейдірұлы
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

1978 жылы дүниеге келген.


Алтай Көлгінов А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.


2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен.


2001-2008 жылдары  Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.


2008-2010 жылдары  «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары.


2010-2012 жылдары  ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.


2012-2013 жылдары  Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.


2013-2016 жылдары  Орал қаласының әкімі қызметінде болды.


2016-2019 жылдары  Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.


2019 жылғы 13 маусымнан бастап  Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.



Қасымбек Жеңіс Махмудұлы
Қарағанды облысының әкімі

1975 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді.

Жеңіс Қасымбек Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша аяқтады. 2001 жылы Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.


1997-1998 жылдары ҚазБСҚА тағылымгер - зерттеушісі;


1998 жылы "Темірбанк" ААҚ бас маманы;


1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Монополияға қарсы саясат комитетінің бөлім бастығы;


2000-2004 жылдары Қазақстан Республикасы ККМ су көлігі департаментінің директоры;


2004-2005 жылдары "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМК директоры;


2005-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Вице-министрі;


2009-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы;


2014 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі ;


2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары;


2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі;


2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;


2019 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары;


2019 жылдың 19 қыркүйегінен бастап Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды. 






Маржықпаев Ермек Боранбайұлы
Ақмола облысының әкiмi

1969 жылы дүниеге келген.

 Ермек Маржықпаев С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын (тарих мұғалiмi), «Тұран» университетiн (заңгер), Көкшетау университетiн (қаржы бакалавры) бiтiрген.


1991 жылы Астана қ. № 29 ОМ дене шынықтыру мұғалiмi, бокстан жаттықтырушы болды.

1992-1993 жылдары — Ақмола облысы, Щучинск ауданы, Бурабай кентi, № 7 ОМ тарих мұғалiмi.

1993-1994 жылдары — «Шонай» ШЖК директоры.

1994-2008 жылдары — «Береке-Бурабай» ЖШС директоры.

2008-2012 жылдары — Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмi.

2012-2013 жылдары — Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi.

2013-2014 жылдары — Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары.

2014-2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң Мемлекеттiк инспекторы.

2015-2019 жылдары — Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкiмi.

2019 жылы наурызда Ақмола облысының әкiмi болып тағайындалды





Мұхамбетов Архимед Бегежанұлы
Қостанай облысының әкімі

1972 жылы туған.

Самара мемлекеттік техникалық университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін бітірген. Мамандығы бойынша – инженер-электрик, қаржы бакалавры.


1994-1997 жылдары "Дрим-тим" ЖШС директоры ;

1997-1998 жыладары "Рамазан" ЖШС Нан өнімдері комбинатының бас директоры;

1998-2002 жылдары "Орас" ЖШС Бас директоры;

2002-2006 жылдары Ақтөбе облысының ЖЭС және инвестициялар басқармасының бастығы, "Балықшы-Құрылыс" ЖШС директоры, "шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өңірлік директоры;

2006-2008 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары;

2008-2011 жылдары Ақтөбе қаласының әкімі;

2011-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының әкімі;

2015 жылдың 11 қыркүйегінен бастап Қостанай облысының әкімі қызметін атқарады. 




Ноғаев Нұрлан Асқарұлы
Маңғыстау облысының әкімі
1967 жылы дүниеге келген.
Нұрлан Ноғаев И. Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын тау-кен инжинері мамандығы бойынша бітірді. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша және 2006 жылы РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (Университет) іскерлік әкімшілік магистрін бітірді.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы Октябрьск қаласының Қандыағаш станциясында электромонтер болып бастаған.


1993-1995 жылдары Мәскеу қаласында мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, «Гили-Паскер» ЖШС-нің бөлім бастығы.


1995-1996 жылдары Алматы қаласында «Отырар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.


1996-2006 жылдары аралығында маркетинг жөніндегі инженер, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-нің маркетингі, мұнай және мұнай өнімдерін сату бөлімінің бастығы, бас директоры қызметтерін атқарған.


2006 жылғы ақпан-тамыз аралығында «ҚазМұнайГаз «Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры болды.


2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді.


2007-2012  жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің экономика, қаржы және мұнай-газ секторы мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары болды.


2012-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.


2016-2019 жылдары аралығында Атырау облысының әкімі.


2019 -2021 жылдары Энергетика министрі.


2021 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.






Оразалин Оңдасын Сейілұлы
Ақтөбе облысының әкімі
1963 жылы дүниеге келген.
Оңдасын Оразалин Ақтөбе педагогикалық институтын ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.


1985-1988 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтында оқытушы; 

1988-1990 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді;

1990-1993 жылдары «РИКА-ТВ» ЖШС жарнамалық ақпарат және коммерциялық агенттік бөлімінің бастығы;

1993-1999 жылдары «Банк-РИКА» ААҚ Басқарма төрағасы;

1999-2000 жылдары «Облтрансгаз» ЖАҚ, «Ақтөбегаз» ЖАҚ Басқарма төрағасы;

2000-2003 жылдары Ол Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі;

2003-2004 жылдары Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар бөлімінің бастығы; 

2004-2005 жылдары Ақтөбе облысының ішкі саясат департаментінің директоры;

2005-2006 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары;

2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімі бастығының орынбасары;

2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің кадр жұмысы;

2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2014-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі,

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылдың 26 ​​ақпанынан бастап Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.





Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы
Алматы қаласының әкімі
1963 жылы дүниеге келді.
Бақытжан Сағынтаев  Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.


1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономика кафедрасының оқытушысы болды.

1992-1998 жылдары жеке секторда жұмыс істеді. «Маруе» туристік-коммерциялық фирмасының президенті, «Қазмет» АҚ Бас директоры, «Лукойлнефтегазстрой-К» ЖАҚ бас директорының орынбасары болды.

1998-2002 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттік төрағасының орынбасары, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ Басқарма төрағасы, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттік төрағасының орынбасары болды.

2002-2004 жылдары Қазақстан Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;

2004-2007 жылдары дейін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы;

2007-2008 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы;

2008-2012 жылдары Павлодар облысының әкімі;

2012 жылдан бастап Экономикалық даму және сауда министрі;

2012-2013 жылдары «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Өңірлік даму министрі.

2014-2016 жылдары Премьер-Министрдің бірінші орынбасары;

2016 жылы Бақытжан Сағынтаев Премьер-Министр болып тағайындалып, бұл қызметте екі жарым жыл еңбек етті. Содан кейін Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарды.

2016-2019 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

2019 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;

2019 жылдың 28 маусымынан бастап Алматы қаласының әкімі қызметін атқарады. 






Сапарбаев Бердібек Машбекұлы
Жамбыл облысының әкімі

1953 жылы дүниеге келген. 

Бердібек Сапарбаев Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді.



1969-1971 жылдары Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы "Задаринский" совхозының жұмысшысы;

1977 жылы Мемтрудсберкасс қазақ Республикалық басқармасының тексерушісі;

1977-1988 жылдары Қазақ КСР Қаржы министрлігінің экономисі, аға, жетекші, бас экономисі, бөлім бастығының орынбасары;

1988-1993 жылдары Қазақ КСР халыққа білім беру Министрінің орынбасары;

1993-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппараты қаржы, Еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі;

1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппаратының басшысы;

1995-1999 жылдары Қызылорда облысының әкімі;

1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;

2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қаржы Вице-министрі - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы;

2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары-Үкіметтің Мәжілістегі өкілі;

2007 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі;

2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

2009-2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысының әкімі;

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

2015-2019 жылдары Ақтөбе облысының әкімі;

2019 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі


2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

2020 жылдың 10 ақпанынан бастап Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарады. 





Сқақов Әбілқайыр Бақтыбайұлы
Павлодар облысының әкімі
1974 жылы дүниеге келген.
Әбілқайыр Сқақов Ақмола қаржы-экономикалық техникумын «Қаржы» мамандығы бойынша, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша және М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша білім алған.

1995-2006 жылдары Павлодар облысы бойынша салық комитетінің жүйесінде жұмыс істеген, жанама салықтар бөлімінің маманынан Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы қызметіне дейін көтерілген.

2006-2008 жылдары Павлодар облысының денсаулық сақтау департаменті директорының экономика жөніндегі орынбасары;

2008-2010 жылдары Павлодар облысы бойынша салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының басшысы болды.

2010- 2012 жылдары Қостанай облысы бойынша салық департаментін басқарды. 

2012-2014 жылдары Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің дамыту және жаңғырту департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне басшылық етті. 

2016-2019 жылдары қорғаныс министрінің орынбасары лауазымында қызмет етті.

2019 жылы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап Павлодар облысының әкімі қызметін атқарады. 





Шөкеев Өмірзақ Естайұлы
Түркістан облысының әкімі
1964 жылы дүниеге келген.
Өмірзақ Шөкеев Мәскеу экономикалық-статистикалық институтында, экономист-математик мамандығында білім алған. 

1986-1988 жылдары Қазақ КСР Мемжоспар жанындағы АСПУ ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері;

1991-1992 жылдары АСПУ ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері;

1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің консультанты;

1993 жылы Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

1993-1995 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімі, Әкімшілік басшысының орынбасары;

1995-1997 жылдары Қазақстан Республикасының Экономика министрі;

1997 жылы Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары;

1997-1998 жылдары "Тұран Әлем Банкі" ЖАҚ Басқарма төрағасы;

1998 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;

1998-2004 жылдары Қостанай облысының әкімі;

2004-2006 жылдары Астана қаласының әкімі;

2006-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;

2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

2009-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

2011-2017 жылдары "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры " акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы;

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі;

2019 жылдың 26 ақпанынан бастап Түркістан облысының әкімі қызметін атқарады. 





Әкім

Көбірек ақпарат
ТЕСТ: Отгадай город по фото
Пройдите тест

Если ты любишь и знаешь свою страну, предлагаем сыграть в нашу игру. Правила проще простого: мы показываем фото города, а ты угадываешь, что это за место. Обязательно поделись своими результатами в соцсетях и отметь человека, с которым больше всего хочешь отправиться в поездку.


Чтобы начать игру, нажмите на кнопку ниже:

Опрос
Угадай город по фото
Предлагаем сыграть в нашу игру под названием «Угадай город по фото». Суть игры очень проста, вам показывают одно фото или подборку из фотографий и четыре варианта ответа. По этим фотографиям вы должны угадать правильный город.
Начать
Что это за город?
Неа
Точно! Это Алматы
Нет, это не Уральск
Нет, совсем не Тараз
Дальше
Проверить
Показать результат
What city does not exist in Canada?
Vancouver is a major city in western Canada.
Ottawa is the capital city of Canada.
Right! Anchorage is not located in Canada, it is the largest city in Alaska.
Winnipeg is the capital of the Canadian province of Manitoba.
Дальше
Проверить
Показать результат
Which countries have a city named Moscow?
Nope! There is no city named Moscow in Finland.
Correct! There are several towns named Moscow in the USA.
Correct! There is a village named Moscow in South India.
Correct! Moscow is the capital of Russia.
Дальше
Проверить
Показать результат
What country is not a part of Scandinavia?
Nope! Norway is a Scandinavian country.
Nope! Finland is a Scandinavian country.
Correct! The Netherlands is not part of Scandinavia. 
Nope! Island is not part of Scandinavia. 
Дальше
Проверить
Показать результат
Which island does not belong to Italy?
Nope! Capri is an Italian island.
Sicily belongs to Italy.
Sardinia is a large Italian island in the Mediterranean Sea.
Right! Corsica is one of the eighteen regions of France.
Дальше
Проверить
Показать результат
You are homebody
Looks like you don't like to travel or just don't know geography very well :) 
Еще раз
You are a beginner traveler
Looks like you enjoy traveling and know something about geography
Еще раз
You are a real traveler
You adore traveling and know everything about geography
Еще раз

ЖАҢАЛЫҚТАР